Қайта тірілуді түсіндіру (хашір)
Құран кәрімді жастарға түсіндіру діни сананың оянуы мен рухани сергектік тұрғысынан аса маңызды. «Құран кәрім қасиетті кітап» деп айта салу балаға жеткіліксіз. Мұндай сөз белгілі бір жасқа дейін, белгілі бір деңгейге жеткенге дейін айтылса да, кейін өсе келе Құранға қырын қарамауы үшін оның дәл солай айтылуы зиянды да, сондықтан адамзатқа түскен күнінен бері ешкім Құранға қарсы уәж айта алмаған. Бүгінгі ғылым мен технология шарықтаған дәуірде ғылым мен техниканың көмегімен Құран сырларының ашылып жатқаны, Аллаһтың кәламы екендігіне дәлел ретінде бала санасына сіңдірілуі тиіс.
Тәрбиеде ілгері атылған тағы бір қадам ретінде о дүниеде қайта тірілетіндігімізді түсіндірген жөн. Бұл дүниеден кейін басқа бір дүниенің бар екендігін бастауы бар құбылыстың соңы болатынын, бұл әлемнен кейін ақыреттің келетінін бала білуі керек. Ғалам жаратылысының астарындағы Ілім, хикмет пен мақсат күллі әлемді Аллаһтың бір жүйеге келтіріп жаратқанын әрі Аллаһтың басқарып тұрғанын көрсетуде. Уақытты көрсетіп, айшықтаған да Өзі. Құран кәрім бұл мәселеге назар аударта отырып, «Жер бетін аралаңдар, Аллаһ-тың жаратуды қалай бастағанын көріңдер»[1] деп бұйырған.
Бұл аяттың мәнісі – біз жер-жаһан арқылы бүкіл жаратылыстың сырын зерделеуіміз, жүлге-жүлге боп бір жүйеге бағынған жер бетінде жаратылыстың қалай басталғанына, бұл ғаламның жоқтан қалай бар болғанына, тіршілік иелерінің жұп-жұбымен қалай жаратылғанына, адам баласының қалай пайда болғанына, адам мен кемелдіктің қалай ұштасқанына[2] қарап көңілге зер боп тоқылып, күй боп төгілген Жаратқанның таңғажайып туындысын тамашалауымыз керек.
Аллаһ ғаламды қалайша жоқтан бар етсе, кейінгі өмірді де солай жаратады. Осы керемет жүйені түзеп жаратушы оны қайта құра алмай ма? Жер шарын осыншама әсем жаратқан Жаратушы басқасын жарата алмай ма? Мына әлемді «осы дүние» деп, екінші өмірді «ақырет» деп атай алмай ма? Сізді басқа бір әлемнен әкеліп осында тұрақтатқан Аллаһ сізді келесі әлемге орнықтыра алмай ма? Терең пәлсапалық ойларға тартса да балалардың әлі жетіле қоймаған санасы үшін осы да жеткілікті болар деп ойлаймын. Көз алдымыздағы сайрап жатқан көк пен жер өзіндік ғажап жаратылған. Теңізде балықтың жүзуі, аспанда құстың ұшуы, ғаламдағы орасан зор жүйелердің, небулалардың керемет жүзуі мен тамаша үйлесімділігі ғибратпен ой жүгірткендер үшін еш нәрсенің мақсатсыз яки жүйесіз, бекер жаратылмағанын ұқтырады. Бұл тамаша жүйе білімі шамалы адамдар да ұға алатындай өте қарапайым. Міне, Құран осылардың барлығына назарымызды аудара келіп, күллі жаратылыстың ішінде орны бөлек, жеке-дара маңызға ие адамның жаратылысына былайша тоқталған:
«Көктерді, жерді және бұлардың арасындағы-ларды алты күнде (дәуірде) жаратқан, кейіннен Аршты меңгерткен – Аллаһ. Одан басқа ешқандай дос та, ешқандай шапағатшы да жоқ. Ойланып, насихат алмайсыңдар ма?»[3].
«Аллаһ не жаратса да көркем берік етіп жаратты, кейіннен адамды балшықтан жаратты»[4].
Құранның «Осынау таңғажайып әлемді Аллаһ жаратып жүйеге келтірді. Бұларды жоқ қылған соң басқа әлемді жарата алады» дегеніне сенбесеңіз, қисынсыз уәж айтқан боласыз. Меніңше, басы ашық бұл шындыққа ешкім қарсы дау айтпасы анық.
Құран кәрім басқа бір тұста қайта тірілуді мойын-дамағандарға: «Былай де: оларды алғашқы рет кім жаратса сол тірілтеді, өйткені Ол барлық жаратылысты жақсы біледі»[5] дейді.
Басқа бір аятта «Аллаһ рақымының нәтижелеріне қара, жерді өлгеннен кейін қалай тірілтеді. Күмәнсіз, ол өлілерді де міндетті түрде тірілтеді. Оның барлық нәрсеге құдіреті жетеді»[6] делінген.
Құран кәрімнің еш қиындығы жоқ бұл тәсілі ақиқатты балаға да, жасы мен жасамысына да соқырға таяқ ұстатқандай түсіндіріп береді.
Періштелер мен тағдыр мәселелері де жіті мән беріп, көбірек тоқталуды қажет етеді. Не нәрсенің де жасаларда түпкі мақсаттың көзделетіндігі, сондай-ақ ғалам мен адам жаратылысының да өзіндік мақсаты бар екендігі міндетті түрде тиісті әдіс-тәсілдерге сүйене отырып жастарға түсіндірілуі тиіс (ол Жаратушының шексіз ілімімен жазылған «тағдыр» мәселесі).
Осы мәліметтерді тұтас бергеніңізде ғана балаға тура жол көрсетіп, әрі сөзімізбен, әрі ісімізбен «Аллаһ тағалам! Бізді тура жолға сала гөр!»[7] деген боламыз. Бұл, бір жағынан, дұға болғандықтан, Хақ тағаланың рақымымен тәрбиеге жұмсаған күшіміз зая кетпейді. Ғибадаттың мәнін құрайтын ізгі жандардың ізгі амалдары ретінде алға шығатын намаз, ораза, қажылық, зекет секілді Исламның бес парызының әрқайсысы өз алдына бөлек түсіндіріліп, сенімнен амал мәселелеріне дейін барлық жағынан Хақ тағалаға бағыттап, олардың рухани әлсіреуіне, көңілдерін кір шалып, нәпсінің жетегінде кетіп қалмауына мүмкіндік бермеуіміз керек. Мәселен, Аллаһқа серік қосудың жиіркеніштілігін түсіндіргенімізде, бала мүшрик болғаннан гөрі тозаққа барғанды әлдеқайда жеңіл деп қорыту керек. Зинаның жаман екенін түсіндіргенде, мұндай лас іске барғанша, өлген артық екенін білуі тиіс. Аяқ, қол, тілі, көзімен осы лас іске жақын нәрселерді істегенде, жан азабын тартып үреймен қалтырауы тиіс, ғұмыр бойы жылап өтетінін білуі тиіс.
Кісі өлтірудің, ұрлық жасаудың, өтірік айтудың және т.б. жиіркеніштілігін жиі айтып оны жаман әдеттерге қаны қас етіп тәрбиелеуіміз қажет.
Бұдан бөлек, көргенсіз бір қылығын байқаған сәтте сөзбен де, іспен де ескерту жасап, арсыздыққа баруына мүмкіндік бермеу керек. Бүлдіршін кезінен бастап пәк ортада өссе, Құдай қаласа, кейіннен кездескен келеңсіз жағдаяттар оның бұл тазалығына қылау жұқтыра алмайды, әрі жан дүниесін, сезімін солдырмайды. Сонда ғана ұрпағымыз үнемі сергек, ерекше құлшыныспен, ғашықтықпен Аллаһқа құл екендігін мойындап, Исламға әрдайым құрмет көрсетпек.
[2] Болмысты түсіндіру үшін мейлі Ламаркизм, Дарвинизм, Нео-Дарвинизмді ойлап таба берсін бәрібір бүкіл пәлсапалық пікірлер «болмыс» мәселесін түсіндіруде тым үстірт. Ғылымның өзі осы көне пәлсапаның қателіктерін дәлелдеуде.
[3] «Сәжде» сүресі, 4-аят
[4] «Сәжде» сүресі, 7-аят
[5] «Ясин» сүресі, 79-аят
[6] «Рум» сүресі, 50-аят
[7] «Фатиха» сүресі, 5-аят
- жасалған.