Жаратушының шексіз жомарттығы және ақырет

Егер қажеттіліктеріміз Аллаһ Тағаланың бізге деген қамқорлығының арқасында өтелмесе, барымызды салсақ та қол жеткізе алмаймыз. Харун Рашидтің алдына келген  Аллаһтың бір құлы былай деп сұрайды:

– Харун! Мына, бір кесе суға мұқтаж болсаң, оған қол жеткізу үшін бар дүние-мүлкіңді берер ме едің?

– Иә!

– Жарайды, ендеше бұл суды ішкен кезіңде оны сыртқа шығара алмасаң, сыртқа шығару үшін де барлық  дүние-мүлкіңді берер ме едің?

– Иә.

Сол кезде әлгі әулие адам былай дейді:

– Міне, ей, Харун! Сенің бар дүние-мүлкіңнің құны – бір-ақ кесе су!..

Ал енді мына тіршілікте, әлгі бір кесе судан бастап, сәт сайын дем алып отырған ауамызға дейін барлық нығметтер алдымызда дайын тұрған жоқ па?!

Жылдың әр мезгілінде пісетін алуан түрлі жемістер де Аллаһ Тағаланың сый-сыяпаты болып табылады. Егер ойланып көрсек, біз тіпті сол жемістер түгіл, оның бір дәнегінде жарата алмас едік.

Міне, осы өмірде Аллаһ Тағаланың шексіз жомарттығын көреміз. Адам баласының көңілі үнемі керемет пен мұғжиза іздейді. Алайда айналамызда сан алуан құбылыстарды ғажайып емес деп кім айта алады? Күн мен айдың адамзатқа үздіксіз қызмет етуі. Сәулесімен, жылуымен басымыздан сипап, қажетімізге жараған жеміс-жидекті, өсімдіктердің өсіп-өнуін қамтамасыз етті. Егер осы жомарттықтардың бәрі тек осы өткінші, пәни дүниеге ғана қызмет етіп, ары қарай жалғаспаса, сәт сайын ойымыздан шықпаған, кез келген мезетте келуі мүмкін өлімге байланысты әрбір нығметтің артынан бір кесе у жұтқандай жан азабын тартар едік. Себебі, басымызға келген әрбір нығмет бізге бір күні барлық нығметтерден мақұрым қалатынымызды еске салады. Ал ең қорқыныштысы, мәңгілік жоқ болуды еске алғызып, жанымызды түршіктіреді.

Алайда, асқан жомарт болған Аллаһ Тағала көл-көсір нығметтер беріп, дәмін татқызған соң, оларды қолымыздан тартып алмайды. Мына өткінші өмірде өзіне ғана тән жомарттығын көрсеткен Аллаһ Тағала шеті-шегі жоқ бір мәңгілік әлемді де көрсетеді. Бұл дүниеде бір шетін ғана көріп, игілігін татқан жомарттықтың ол жерде нағыз өзі ақыретте мәңгілік болып алдымыздан шығады. Әйтпесе, Оның осынша жомарттығы мәңгілікте көрінбесе құдіретінің негізіне қарсы болушы еді. Мұндай жағдай Оның ұлылы-ғына тән емес. Ол мұндай кемшілік атаулыдан пәк.

 

Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.