Алғы сөз
Дініміздегі «Ақыретке иман» мәселесі – бірнеше ғасыр бойы әлемде үстемдік етіп келген материалистік дүниетанымның кері әсерінен, бүгінде тіпті мүминдердің де жүрегінен берік орын алған деп айта алмайтын халге жеттік. Құранның үштен бір бөлігі ақырет жайлы екеніне қарамастан, бақыттың осы бір қайнар көзінен алыстап кетуіміз – еріксіз ойға қалдырады.
Бұрынғы кезде иман жалпыға тән болғандықтан, діннен безу – жиіркенішті ауруға тең саналатын. Себебі, халықтың басым көпшілігі мұсылман еді, әрі мұсылмандық қасиеті бұзылмаған халық нақли негіздерге (Құран аяттары мен хадистерге) шын көңілден ден қойған болатын. Сондықтан ол кезеңде дінді теріске шығарушылар ─ тек философиямен шұғылданатын кішігірім топтар ғана еді. Тіпті, мұсылман философы ретінде танымал Ибн Сина секілді данышпанның өзі ұстанған философиялық көзқарасының әсерімен «Ақылмен мұны түсіну мүмкін емес», – деген пікір айтумен ғана шектелген-ді.
Қазіргі таңда дінді теріске шығаруда ешкімнен именбейтін солақай бағыт алған әр түрлі көзқарастар бір-біріне арқа сүйеп, иман негіздерін күмәнді ойларымен арбап, көңілді күпті етуде. Сонымен қоса, «дарвинизм» сияқты материалистік көзқарастар жылдар бойы мектептерде жас өркендерге көзсіз үгіттеліп келді. Бұл дертке дауа ретінде осы ақиқатты Құранның логикалық тәсілдері арқылы дәлелдеу, яғни ақырет ақиқатын санасына сиғыза алмаған адамдарға жаңа бір көкжиектің ашылуы қажет екені айдан анық.
Шындығында, «Ұлы хашір[1] – Аллаһ Тағаланың ұлы есімдерінің шағылдарынан. Хақ Тағаланың ұлы есімдері мен әрбір есімінің ең жоғары мәртебесіндегі шағылысқан сәулесімен көрініс тапқан алып істерді көру мен көрсету арқылы-ақ ұлы хашір көктем шыққандай жеп-жеңіл дәлелденіп, нақты сеніммен жетелеп иманға әкеледі». Міне, сондықтан сұхбаттар мен уағыздардан жинақталып жазылған қолымыздағы бұл кітапта Аллаһ Тағаланың Рахиим (Мейірімді), Хакиим (Хикметпен жаратушы), Хаафиз (Қорғаушы)... секілді өзге де бірқатар әзиз есімдері қарастырылып, дәлелдеудің жаңа әдісі ұсынылады. Сонымен қатар, қоғамның әр түрлі топтарындағы адамдарға деген осы сенімнің тамаша әсері қарастырылып, тәжірибелік пайдалары түсіндірілген. Көңілімізге арғы дүние бүршігін сыйға тарту етер бұл шығарманың дүниетанымымызға өзгеше із қалдырып, жаңа серпіліске себеп болуын шын көңілден тілейік.

Сафвет Сених,
Дінтанушы-ғалым, жазушы.
[1] Ұлы хашір - ақыретте адамдардың қайта тірілуі
- жасалған.