ИСИМ - ислам қоғамының ағзасындағы ірің
Кеше ән-Нусра, оған дейін әл-Кәида, ал одан бұрын Талибан болған. Аты сол қалпы қалып, негізгі фигуранттары өзгеретін, осы атаудың тасасына жасырынған бұл террорлық ұйымның әрекеті адам шошырлық. Жаппай қиын-кескі ұрыс жасап, өлтірудің адам айтқысыз түрін қолданған, камераның алдында тұрып адам бауыздау, құлдық пен жыныстық қатынас, адамды таспен ұру және басқа діндерді мүлдем болмау керек деп есептейтін террорлық потенциалы шексіз болып көрінетін ұйымның бұл әрекеттері бұрын соңды болмаған фанатизм. Осындай белгілі бір атаудың артында жасырынған топтар неге анықталмайды? Егер де ИСИМ террорлық ұйымы толықтай жойылып, бұл мәселе шешілсе, ертең көп ұзамай-ақ біз осы секілді мәселеге соқтығысамыз, яғни тағы да бір басқа атаумен террорлық топ пайда болады.
Абдуллаһ Юсуф Аззама (1941- 1989) - Палестина шариғат құқығы докторы. ИСИМ идеологиясы осы адамның Исламды түсіндіру жолына құрылған. Оның «Ауған жиһады» кітабы Саид Қутубтың «Жолдағы белгілер» еңбегі секілді аса қызығушылықмен әрі құрметпен қолданылады. Бұл кітапты әр елден жиналып, ИСИМ-нің құрамына кірген жастар жаттайды, соның берген әсерінен жастардың делебесі қозып, оларды адам өлтіруге итермелейді. Мұның барлығына жол ашқан нәрсе олардың өлуге және өлтіруге қызықтыратын «өлімге деген құштарлығы» сезімі. Олардың түсінігінше мұсылман адам тек бір нәрсемен айналысу керек. Ол - қолына қару алып соғысу. «Не үшін?» «қалай?», «кімге қарсы?», «қандай мақсатпен?» деген сұрақтар олар үшін маңызды емес. Аззам сенімді түрде былай деп мәлімдеме жасайды: «Қарусыздарды Жаратушы иенің алдында күнәһар кейіпте көріп тұрмын». «Көріп тұрмын» сөзін бекер айтып тұрған жоқ. Ол - бәрін көретін «әулие». Демек, «жиһад» көріпкелдік қасиетке ие болуға мүмкіндік береді...
Адамды өлімге итермелейтін барлық идеологиялық мәтіндердің берер әсері Аззамның сөзінің әсеріндей. Тіпті жиһад жасаушының «Неге мен өлуім керек немесе өлтіруім керек» деген сұрағының өзі күнә саналады. Одан талап етілетін бір ғана нәрсе ол қолына қару алып, біреуді өлтіру не өзі өлу. Сізге Құран немесе Алла тағаланың парыздары жайлы көп нәрсе біліп қажет емес, тек өзін-өзі қорғау қажеттігі жайлы белгілі бір аяттармен ғана шектелуіңіз керек.
ИСИМ қару пайдалану арқылы ашынғандар мен қайғы-мұңның тұнығына батып жүргендердің сенімін өршітіп мемлекет құруды мақсат етеді. Салыстыру дәйекті болу керек. Кімде-кім ИСИМ-ді Әділеттілік пен даму партиясының идеологиясымен немесе мүшесімен байланыстыратын болса, қателеседі. ИСИМ жаугершілік жолмен исламды түсіндіруді негіз ете отырып мемлекет құрмақшы. Түркияда болса тоталитарлық тәсілдермен дін мемлекеттенген. Мемлекеттің меншігіне айналған дін салафиттердің терроризміне қарсы тұра ала ма?
Өлімді, қантөгісті дәріптейтіндерге қарама қарсы жаппай бейбітшілікке шақыратын дінді түсіну қажет және ең бастысы ғасырлардан бері өзін тек жақсы қырынан танытқан тұрғысынан. Міне, осындай түсінікке қарсы Түркиядағы Әділеттілік пен даму партиясы қиян кескі өтіп жатқан соғыстың мәселесін шешті. Мен бұл жерде дінді бейбіт түсіндіретін әрі өзара бейбіт үнқатысуда болуды насихаттайтын «Қызмет» қозғалысын меңзеп отырмын.
ИСИМ - бұл ислам қоғамына салынған ірің іспетті. Бұл ірің талай уақыттан бері аурудан көз ашпаған дененің көрінісі әрі сырттан алған ауыр жарақаты. ИСИМ - бұл батпақты жерде құжынаған шыбын-шіркей іспетті, бірақ ол жұқпалы аурудың айналасына таралу ықтималы аса жоғары. Давутоғлу дұрыс айтады: егер де батыс Сириядағы азамат соғысынан теріс айналмай оған араласқанда, жүздеген мың адам ұлы державалардың өзара ойынының тиынына (монета) айналған уақытта, Иракта суннит-арабтардың көзқарастары ескерілгенде, ИСИМ дәл қазіргідей қауіпті болар ма еді?
ИСИМ - Түркияны иектеген бәле болды. Басқа тұлғалардың барлығының жоспары Игилге қатысты емес, олар өз алға қойған мақсаттарымен жылжуда. Кейбір елдер үшін өз өңірлеріне «ықпал ететін кілт» кейпінде. ИСИМ-нің арқасында Иранға үлкен мүмкіншіліктер ашылды, бос тұрған орын болды. Әулеттердің арасындағы өте нәзік тепе-теңдікке құрылған Сауд Арабиясының монархиясы бұл ауқымды проблеманы ішкі есебіне әрі батыспен арадағы қарым-қатынасын жаңалау мақсатында қолданады. Асад Сириядағы баламасы секілді ИСИМ-нің өзектілігін қайта көтерді. Ирандағы шейіттік биліктің қателіктері ұмытылды. Солтүстік Ирактағы Барзания үшін «алтын ғасыр» туды. Күлкілі жағдай: Курдстанның Жұмысшы партиясы ИСИМ-ге қарсы тұру үшін Түркиядан қару-жарақ сұрайды, сол арқылы өзінің халықаралық легитимділігін кеңейтпек. Әлемдік аренада құрамында мыңдаған жауынгерлері бар топтар пайда болды деген желеумен әлем қайта құрылып жатыр.
Бұрынырақта, XVIII ғасырдың соңынан бастап осы ИСИМ-нің о бастағы жол бастаушылары болған уахабистер Осман империясына қауіп төндіре бастады. Бірақ соған қарамастан Түркия - өз дәстүрін сақтап қалған мемлекет ретінде ИСИМ-нің саяси ойынына ешқандай да жол бермейді. Оның үстіне Түркияның Сириядағы азамат соғысының басталуы барысында жіберген қателігі европа елдері мен АҚШ-тың ықпалы арқылы жасалды. Аз уақытқа жоспарланған осы бір былықтың соңы осындай үлкен бейберекетсіздікке алып баратындығын ешкім де күткен жоқ. Давутоғлы ИСИМ-нің қолында Американың ең соңғы шыққан қару-жарақтарының бар екенін растауда.
Түркияда ең радикалды исламизмді қосқанда да ИСИМ-ге қатысты жақсы көзқарасты қалыптастыратын институттық білім беру жоқ. Түркия үшін ИСИМ бұл - тамыры жоқ модадағы ағым ғана. Ол идеялық дәстүрлерге емес, ағымдағы мәселелерге ғана сүйенеді. Ал халықаралық аренаға шығу арқылы ИСИМ өзіне жаңадан азық табады.
- жасалған.