Белең алған оқиғалар адамдарды не нәрсеге де күмәнмен қарауға мәжбүр етті, бірақ кейбір астыртын сөз байласулардың болғанын да жоққа шығармаған жөн.
Ислам қауымы астыртын сөз байласуға бейім деген де пікірлер жоқ емес. Мәселен, он бірінші қыркүйек Американың қолдан ұйымдастыруымен болды деген теориялар да бар. Әлемді қабылдау формасы секілді басқа да астыртын сөз байласу теориялары бар...
Әлемде өте кең таралған астыртын сөз байласу теориялары бар екені рас. Мұнымен қоса, әлемнің жартысын жою арқылы қалған жартысын өздерінің мақсаттарына бағындыру үшін итермелейтін пікірлер де бар. Өздерінің сондай пиғылдарына негіз табу үшін, олар әдейілеп бұзақылар мен ақылы кемістердің тобырын да жасауы бек мүмкін. Мұнымен қоса, адамды қорқытып-үркіту де бар. Бірақ он бірінші қыркүйек оқиғасын осы категорияда қарастырамыз ба, жоқ па бұл мәселе тұрғысында ештеңе айта алмаймын. Алайда, бұл мәселеде өте кеңкөлемді астыртын сөз байласудың болғаны туралы мүмкіндік әрқашан қарастырылады. Бүкіл әлемде істеліп жатқан сол бір нәрсе. Сол себепті, егер бірнеше жылдан кейін сол кезде айтылып, жазылғаннан басқа бір нәрсе белгілі болса, біз барлығымыз да астыртын сөз байласу теорияларына сене бастаймыз. Стамбулда жарылыстар болды. Өзге де жерлерде сондай жайттар орын алды. Адамдар еріксіз сондай іске барғандар, роботқа айналғандар ма деген ойға қалады. Бәлкім әлдекімдер бір әлемнің жанында екінші бір әлемді тең дәрежеде көргісі келеді, сондықтан да біз барлығымыз бірде әділетсіздіктің, бірде ашу ызаның, бірде қатыгездіктің езгісінде қаламыз? Немесе бұл «Келіңдер! Барлығымыз бір болайық!» деген ұранның астына бірігу үшін жасалынған ба? Себебі, мұндайға мысалдар жеткілікті. Адамдар еріксіз ондайларды да ойлайды. Соңғы кезде барлығы да ашық айтылып, жазылып жүр. Сөйте тұра кейде адамның басына тіпті міне, мынау былай деп жатыр, ал оның артында не тұр? «деген ой сап ете» қалады.
Сөйтіп, әлемде болып жатқан оқиғалар адамдарды барлығынан аздап күмәндануға, барлық нәрседен астыртын сөз байласуды көруге мәжбүр етті. Баспасөз құралдарында да бұл үрдіс бар. Жалпылай алғанда, егер біз бұл сұрақты тікелей сол мағынасында түсінбегенмен, бәрібір әлемнің барлық жерінде жекелеген түрде кішігірім астыртын сөз байласулардың бар екендігін жоққа шығара алмаймыз.
- жасалған.