Белгілі орыс ғалымы: Гүлен қақтығысқа тола әлемде бейбітсүйгіш ұрпақ тәрбиелеуде
Ресей Ғылым Академиясы Шығыстану Институтының бұрынғы төрағасы, белгілі профессор Ростислав Рыбаков әлемнің ең маңызды сыйлықтарының бірі «Ганди-Кинг-Икеда» бейбітшілік сыйлығының Фетхуллаһ Гүленге берілуінің үлкен маңызға ие екенін айтты.
Ресейде Шығыстану институтын 15 жыл бойы басқарған профессор Рыбаков Гүленді террорист деп кінәлағандарды да қатаң айыптады. Ол қайта Ф. Гүленнің адамзат бейбітшілігі үшін еңбек етіп жүрген аса елеулі тұлғалардың бірі екенін айтты. «Фетхуллаһ Гүлен ЦРУ агенті» дейтін пікірдің сандырақ екенін айтқан ол «мемлекеттік билікті алып қоймақ» деген күмәннің де негізсіз екенін білдірді. «Бұл айтылғандар Гүленді емес, ол туралы айтып жүргендерді сипаттауда».
«Гүленнің келбеті пәк, этикалық құндылықтарды бойына сіңірген қазіргі заманғы ұрпақ жетілдіргенін айтқан Рыбаков «Мен Гүленнің Құран мен исламға деген жақындығына қарамаймын. Менің назарымды көбіне оның идеяларын жақтаған азаматтар аударады. Бейбітшілікте өмір сүру үшін жаңа ұрпақ жетілдіру қажет. Адамды тәрбиелеу және оған қалай үйренетінін үйрету. Бүгінгі күні мәліметтерге компьютер арқылы қол жеткізуге болады. Алайда жақсылық пен жамандықты көрсету және этикалық құндылықтарды бойға сіңіру оңай емес. Гүлен біздің ойымызға түспеген бір істі жүзеге асыруда. Қазіргі заманғы адам жетілдіруде. Бұл қақтығыстардан шаршаған әлем үшін бір жарық сәуле» деп пікір білдірді.
«Гүлен Ганди секілді әлемнің ең күрделі сұрақтарына қан төгілмейтіндей шешім табуда. Үндістанға тәуелсіздік әперген аты аңызға айналған тұлға Махатма Ганди мен Гүлен әлемнің ең қиын мәселелерін өлім, қан не жеккөрушілікке бармастан шешу мақсатында ұқсас екенін айтқан Рыбаков «Ганди миллиондаған сарбаздардан құралған жасақтарға жетекшілік етті. Олар қансыз, бейбітшілік жасақтары. Гүлен болса, басқа салада тұр. Олар білім берушілер. Жаңа бір ұрпақ өсіп келе жатыр. Түркияда, Қазақстанда, Қырғызстанда, Үндістанда, Болгарияда немесе әлемнің түрлі елдерінде. Түркияны әсіре жақтаушылар болсын деген табанды ой жоқ. Басқа ұлт пен діннен адамдармен бірге өмір сүре білу мәдениеті бар. Жақсылық пен жамандықты ажырата алады. 21 ғасырда жаңа бір үлгідегі адам қалыптасуда» деп түсіндірді.
Гүлен 150 жасқа дейін өмір сүре ме?
Тарих бойы жақсылар жаққан шырақты үнемі сөндіруді қалағандар болған. Орыс зиялысы Гүленге қарсы жасалған шабуылдар да осының жалғасы деді. Гүлен билікті басып алғысы келеді деген сыңайдағы пікірлерді негізсіз деп қабылдаған Рыбаков «Гүленнің жасы менен де үлкен. 150 жасқа дейін өмір сүрер дейсіз бе? Меніңше, бұндай пікірлер Гүленді емес, ол туралы айтушыларды сипаттайды. Әлемде Ганди мұрагерлері бар. Әуелі Мартин Лютер Кинг қара нәсілділерге жетекшілік етті. Ганада Квам Нерума бар еді. Оңтүстік Африкада Нельсон Мандела үміт берді. Меніңше, Гүлен осы алтын шынжырдың бір үзігі. Мүмкін Гүлен саясаткер болмауы себептен олардан ерекшеленер. Гүлен армандаған әлемде, оның философиясында, жетілдірген адамдарда соғысқа орын жоқ. Гүленде қолға түсіру емес, қатынас құру талпынысы бар. Гүлен адамдарға шекке бағынбайтын әлемде өмір сүре білуді үйретуде» деді.
Террорға қарсы бейбітшілік елшісі
Гүленді террорист деп кінәлағандарды қатаң айыптаған Рыбаков «Гүлен мұсылмандар арасында Беслан террор шабуылына алғаш болып қарсылық танытты. Мен сол кезде Бесланда едім. Үнемі террорға қарсылығымен танылған Гүлен – бейбітшіліктің елшісі. «Мұсылман адам террорист бола алмайды. Террорист болса, мұсылман бола алмайды» деген сөз соныкі. Әлдекімдер кінә артқысы келеді, тіпті кінәлауда. Кінәлаудың ең жаманы қандай? Терроршы деу. Басқа не деп кінәласын? Құмар ойын ойнады дей ме? Жоқ, зина жасапты дей ме? Террор анағұрлым жан түршіктіретін болғандықтан соны айтады.
ЦРУ агенті болу Гүленге аздық етеді
Гүленді ЦРУ агенті деп кінәлайтындардың да әрекеті мағынасыз екенін айтқан Рыбаков «Әркім ЦРУ немесе КГБ агенті болуы мүмкін. МОССАД агенті болуы мүмкін. Мен ЦРУ агенті болсам, Гүленнен басқаша нәрселер күтер едім. Мәселен, Гүлен мектептеріндегі білім жүйесі бейбітшілікті жақтайды, ол қалай ЦРУ-ді қуантады? Ол жерде саясат қақтығысқа негізделген. Егер халықтар мен діндердің достығын жақтау болса, бұл Американың қолайына келе бермейді. СССР кезінде Тәжікстан Комунистер партиясының бірінші хатшысы бар еді. Жапонияға сапарлап барғанда, одан «Сіз КГБ агенті емессіз бе?» деп сұрайды. Ол «Мен КГБ агенті болу үшін тым үлкендеумін» деп жауап қатады. Бұндай деңгейдегі адамдар агент бола алмайды. Бұл баршаға мәлім» деді.
Кінә тағу арқылы жаманатты еткісі келеді
Ешқандай дәлел айтпастан адамды кінәлаудың оны жаманатты етуге жасалған әрекет екенін айтқан Рыбаков мынандай түйінді ойларын білдірді: «Бұндай кінәлауларды дәлелдеу қиын. Егер мен біреу жайлы жаман айтқым келіп, ол дәрменсіз десем, бұны да дәлелдеуім керек. Ал террорист екенін я еместігін дәлелдей алмайсыз. Орыс халқында мынандай мәтел бар: адамдардың бір-біріне деген іс-әрекет психологиясын дәл береді. Яғни біреу жайлы «Тонын жоғалтып алған ба, жоқ өзі біреудің тонын ұрлап алған ба?» десең, жұрт біреудікін ұрлап алған шығар дегенді көбірек ойлап кетеді екен. Қоғамдық көзқарасты бұру осы сияқты.
Әлемнің болашағына күмәнмен қараймын
21 ғасыр бейбітшілік пен бақыт келеді деп отырғанда, 11 Қыркүйек оқиғасымен жаңа ғасырдың табалдырығын аттаудан секем алып қалғанын айтқан орыс зиялысы «Кім білген, 21 ғасырда бәрі де болуы мүмкін екен. Тарихта қалды ғой деген оқиғалар әлі де қайталануда. Өкінішке қарай, әлемде жаңа қақтығыстар да орын алуы мүмкін. Таяушығыс та оңайлықпен тыныштала қоймайтын секілді. Украина Европаның ортасындағы жараға айналды. АҚШ Европаның зықысын кетірді. Түркияның да болашағына алаңдаулымын. Ресей-Түркия қатынасы жағынан қарағанда қалыпты секілді. Түркия Ресейге қатысты саясатында аса бір сақтық танытады. Түркияның оңтүстігі Ресей болды. 4 миллионнан астам орыс турист барады. Екі арада жақсы дамушылықтар бар» деді. Профессор Ростислав Рыбаков Ресейдің ең ықпалды Таяушығыс зерттеулері жасалатын Ресей Ғылым Академиясы Шығыстану институтында 1994-2009 жылдар аралығында төрағалық етті. Әйгілі орыс тарихшысы Рыбаков әсіресе мәдениет, мәдениетаралық ықпалдастық пен Үндістанды зерттеуімен танымал.
- жасалған.