Фетхуллаһ ГҮЛЕН: Ар – ождан бостандығы толықтай қанағаттандырылса
АҚШ-та жарық көретін абыройлы академиялық басылымдардың бірі MUSLIM WORLD (Ислам Әлемі) журналы, Фетуллаһ Гүленнің көзқарастары мен оның айналасында қалыптасқан азаматтық қоғамның іс-әрекетін талқылады.
1911 жылдан бері жарық көріп, әрі Ислам әрі Христиан-Мұсылман қарым-қатнастарына аса мән беретін ең байырғы журнал болып табылатын MUSLIM WORLD-тың "Бүгінгі Түркияда Ислам: Фетуллаһ Гүленнің қосқан үлесі" атты арнайы санында Сидней Гриффит, Зеки Сарытопырақ, Лестер Р. Куртз, Элизабет Өздалга және Томас Мишель сияқты академиктердің Гүлен жайлы мақалалары жарияланды. Осы беттен журналдың Фетуллаһ Гүленмен 5 күн бойы жүргізілген жан-жақты сұхбатын және мақалалардың тезистерік оқи аласыздар.
Исламда жеке адам мен мемлекет арасындағы қарым-қатынас кандай? Жеке тұлғаның мемлекет ішіндегі орны және қызметі
Заманауи әлем және бүгінгі көзқарас жүйелері, тұлғанын саясатта белсенді субъектіге айналушылық тарихта тұңғыш рет қазіргі танда жүзеге асқанын растайды. Олардың пікірінше, тұлға — ата-баба дәстүрінен аражігі ажырамаған, жалпыға тән ерекшеліктерден арыла алмай, мейлінше осы түсінікке шырмалған қауым немесе топ. Бұл қауымның іс-әрекеттері үйреншікті жағдайға түскендіктен әрі әлеумет көзқарасын өзгертуге мүмкіндігі болмағандықтан, енжар қалу және әлеуметтің бағынышты бір мүшесі болу жеке адамдардың пешенесіне жазылған еді.
Бүгінгі танда жеке адамдар "тұлға" ретінде даралыққа қол жеткізіп, осы шырмаудан құтыла бастағандай. Олар қазіргі кезге дейін жеке адамдардың шын мәнісінде ерікті болмағандары сияқты тәуелсіз де емес еді. Дарашылдыққа қатысты осынау пікірлер әлемнің бір бөлігі мен кейбір мәдениеттер үшін орынды болса да, әрбір дін, әрбір түсінік және әрбір қауым үшін өрес-келдеу болуы мүмкін.
Исламның негізгі іргетасы болып саналатын Аллаһ Тағаланың бірлік қағидасы тұрғысынан алып қарағанда, толыққанды әрі шексіз дарашылдықтын болуы мүмкін емес. Өйткені, адам баласы — ештеңені бағаламайтын бейқам, яғни шектен шыққан бір Бұлікшіл немесе Құдайға қараған, Оның бұйрықтарына шынайы бағыныштылық түйсігімен мойынсұнған бір құл. Мұндай құлдықтық арқасында ол Аллаһтан басқа ешбір күш-қайраттың алдында "тізе бүкпейді және не болса да тәуелсіздігінің бір ұшығынан баз кешпейді.
Ондай адамды мал-мүлік те, қазына-байлық та, тіпті кедейленуге, бейшара халге түсуге душар ететін және рухты тұсайтын азғындық әдеттер де, ақыл-ойды құрсаулайтын, өрісті тарылтатын әлеуметтік қатынастар, пайда мен табыстың кереғар түсінігі, ар-ұяттан бездіретін ынсапсыздық пен табысқа құнығушылық, қара күшті ақыл мен ойдан жоғары қоятын қатыгез түсінік, нәпсі-құмарлық, өшпенділік, көре алмаушылық... сияқты кесапаттардың нышаны саналатын төмен қасиеттер ешқашан Аллаһтан бездіре де, жаулай да алмайды. Бір мүмин ең құрығанда күніне 30-40 рет "Я Раббым, бір Өзіңе ғана құлшылық етіп, бір Өзіңнен ғана жәрдем күтеміз." (Фатиһа, 4) деуі арқылы, өз бостандығы мен дарашылдығын шектейтін осындай барлық тұсауларды бұзып-жарып, Жаратушының шексіз құдіретті күшіне сыйынады. Осындай екі-ақ ауыз сыйынуды айтуға мойны жар бермеген тұлға шын мәнінде биік адамгершілік парызын орындаған болып саналмайды.
Дей тұрғанмен, Ислам, тұлғаның Аллаһтан басқа не нәрсенің алдында тәуелсіз әрі ерікті болуын қарағанымен, оның бір отбасы, бір әлеумет, бір ұлт, тіпті бүкіл адамзаттың мүшесі болуын да қажеттілікке жататын бір сағида ретінде қабылдайды. Өйткені, адам — көпшіл, әлеуметшіл басқа адамдармен бірге өмір сүруге мәжбүр. Осы тұрғыда әлеумет бір организмге ұқсайды Бейне ағзалардың бір-бірімен байланыса және өзара қажеттілікте болғаны сияқты.
Қажеттілік, зәрулік, тіпті біртұтастыққа жататын осындай теңдіктің, өз бетінше шешілмейтін көптеген мәселелерді реттеп, бірталай өктем күштерге қарсы негізгі міңдетін атқарудың маңызы аса зор. Мінеки, бүгінгі толыққанды бостандық сүйгіштерімізбен келіспейтін жеріміз осы. Толыққанды бостандақты қорғайтындар, дәстүрлі негіздер мен тәуелділіктен ада ету сылтауымен, адамды шырмап алғысы келетін күштердің, алдына, оның болмыс шөлінде жападан — жалғыз, қолдаусыз тастады. Ал адам болса, кейде осы дарашылдықтың құнын кейбір жауыздардың қолына түсіп кетіп, кейде әлеумет қатыгездігіне жаншылып, қинала-қинала өтеді. Оған қоса "дарашылдық" жолында бостандығынан да, абыройынан да айрылды.
Мына мәселені де ерекше атап өтуім керек, Ислам діні — басқа дін немесе дін ретінде көрінетін жүйелердегідей тек қана метафизикалық түйсінулермен айиалысатын, дұға, ниеттену, ғибадат, зейін қою немесе кейбір жеке ғибадаттармен қанағаттанатын дін емес. Ол осылардың түгелімен бірге тұлғаның әлеуметтік, саяси, экономикалық, ахлақтық, құқықтық іс-әрекеттерін реттеу, қалпына келтіруімен қатар, тұрақсыздықтан сақтандыру және сендірген қағидаларының орындалуының, әсіресе ахиретте өтемі қайтарылатынын негіздейді. Ал осыншама абыройлы діннің тек қана сенім және жеке ғибадатпен шектетілуі — оның бөлінуі, ыдырауы және Аллаһтың мұратына қайшы қыспаққа алынуы деген сөз. Бұл сонымен қоса тұлғалардың нені, қашан, қаншалықты істеп-істемейтіндіктері мәселесінде де селқостыққа. жаңылысуға итермелеу болады. Тіпті, осы әдіс біраз адамдардың ақыл-естен адасуларына себеп бола алатынын растауы да мүмкін. Егер адам ұстанған дінінің барлық негіздерін ерікті түрде орындамаса, оның ар-ождан бостаңдығына, тұлға ретінде сенгендерін орындауға кедергі бар деген сөз. Мұндай жағдайда тұлғалардың негізгі құқық және бостандықтары жайында сөз қозғаудың өзі артық.
Ислам діні өз ұстанушыларының фәнилік және бақилық өмірін, мәңгілік бақытын қамтамасыз етіп, сол бағытқа жол сілтеп, олардың осы өмірді мағыналы өткізулеріне және о дүниеге де сеніммен қарауларына жағдай туғызу мақсатымен бір Пайғамбар жіберген. Ол Пайғамбардың жеткізулерінде фәни-бақи қатарласып, адамдық жауапкершіліктер, әлеуметтік міңдеттемелермен ұштасып, ғибадат, мұсылмандық қағидалар, сезімдік және рухани өмір, ахлақтық, әлеуметтік және әкімшілік мәселелер бір өлшемнің әр түрлі деңгейлері сияқты біртұтастықты құрайды. Сонымен қатар, әрбір мұсылман өз құқығын түсінгені сияқты басқалардын да құқық пен бостандықтарын сыйлал, өз құқығын қорғауда қаншалықты алғырлық танытса, басқалардың құқықтарын құрметтеуде де соншалық талап қою кажет.
- жасалған.