Лаңкестік - күрестің бір түрі бола ала ма? Ислам күрес үшін балама ретінде нені қарастырады?
"Zаman" газетіндегі сұхбатта Нурия Акманға мәлімдегенімдей, осы күні мұсылманшылық мүлдем білінбейді, мұсылмандардың шығып: "Шынайы Мұсылманшылықта лаңкестік болмайды" деулері керек еді. Ешкім басқа бір адамды өлтіре алмайды. Тіпті соғысу кезінде де кінәсіз адамдарға тиісуге болмайды. Ешкім бұл мәселеде бір түсіндіру бере алмайды да. Ешкім жанкешті бола алмайды. Ешкім өнебойына бомбалар таңып, кінәсіз адамдардың ішіне кіре алмайды. Ішіне кірген қоғамы қай дінді ұстанса ұстансын, жол берілмейді. Тіпті соғыс кезінде де (ол жерде тұрақтылык сақтала алмайды) бұған рұқсат берілмейді.
Ислам, "Балаларға тиіспеңдер, шіркеуде ғибадат еткеңдерге тиіспеңдер" дейді. Бұл бір дәуірде айтылып ұмытылған нәрсе емес, тарих бойынша тоқтаусыз қайталанып отырған. Пайғамбарымыз не айтса, соны Хазреті Әбубәкір айтқан, Хазреті Әбубәкір не десе, Хазреті Омар қайталаған, ол не десе кейінгі дәуірлерде Салаһаддин Әййуби қайталаған, Алпарслан айтқан, Кылычарслан да қайталаған. Фатиһ те осылай деген. Осыны айтқаны үшін аласапыран былық шылықтың ішіндегі Константинополь Стамбулға айналған. Яши, Рум армяндарға, армяндар Румға ештеңе істемеген. Мұсылмандар да оларға ештеңе істемеген. Стамбул алынғаннан біршама уақыт кейін, адамдар көңілденіп, Фатихтің үлкен бір суретін патриархаттың дуалына асып қойыпты. Ол кездерде мұндай әрекеттің орын алуы таңқалдыратын еді. Тарих, кейіннен Фатихтын патриархты шақырып, кіліт ұсынғанын баяндайды. Мәселе, осы күні ештеңенің Ислам құқығымен түсініспеуінде. Ислам қашан да әртүрлі пікірлерді құрметтеген және осы күні бұл мәселенің өте дұрыс түсінілуі керек.
Өкінішке орай, Ислам әлемінде кейбір шала молдалардың және шикі мұсылмандардың, Исламның радикалды бір жорамалынан басқа қолданатын қаруы жоқ. Олар бұл қаруды адамдарды өз жеке мақсаттарына қызмет ететін күреске салу үшін пайдаланады. Мұсылмандық, құқық деген бір дін, ол дұрыс ұсталынуы қажет. Оған бет бұрғанда жалған себептер қолдану үзілді-кесілді дұрыс емес. Нысана игілікті болғаны үшін сол нысанаға жету үшін қолданылатын барлық амалдардың да игілікті болуы қажет. Бір мұсылманның ең басты нысанасы - Аллаһтың ризалығына бөлену және Аллаһтың Ұлы атын әлемге жаю.
Сондықтан адам өлтіріп жәннатқа бара алмайды. Мұсылман "Мен адам өлтірейін де жәннатқа барайын" дей алмайды. Адам өлтіріп Аллаһтын ризалығына бөлене алмайды.
Кейбіреулер, рухани кұндылықтарын жоғалтқан жастардың наразылық жағдайларын пайдаланады; бірнеше доллар беріп, есірткі беріп, оларды кәдімгідей мөңгүрттестіреді. Теріс мақсатта пайдаланылған, қолшоқпарға айналған мұндай жастар кейіннен кейбір сұлулық идеялар үшін жендет ретінде де пайдаланылды. Қанау көрген осы жастар арқылы кейбіреулер бірнеше шайтандық нысаналарға қол жеткізбек болды. Бұл мәселе осы күндері күң тәртібінде тұрған бір тақырып және БАҚ та орын алды. Алайда, бір адамды өлтіру аса қорқынышты нәрсе. Бір адамды өлтірудің бүкіл адамзатты өлтіру сияқты екені Құран-и Кәрімде айтылады. Ибн-и Аббас адам өлтіргеннің мәңгілік тозақта қалатынын айтады. Демек, аһиреттегі үкім тұрғысынан бір адамды өлтіру Аллаһты жоққа шығару сияқты өте ауыр қылмыс болып саналады. Қазір діннің негізгі ұтымды сөзі осы болса, ендеше мұның тәрбиемен сіңірілуі қажет.
Исламды шын жүректен қабылдаған адам үзілді-кесілді саналы түрде лаңкестікке бара алмайды. Бүгінге дейін мұсылмандарға таңылған лаңкестік, кейде мұсылманшылықты меңгере алмаған шикі рухтардың өлшемімен жүзеге асырылуы мүмкін.
Шынтуайтында "лаңкестік", атына сай бұлыңғыр нәрсе; сарапталуы да осы себептен оңай болмаса керек. Оңай болмаса да лаңкестікке мақсатының жиіркеніштілігі, әрі оның мұсылмандарға таңылғандығы себебінен міндетті түрде көңіл бөлу қажет, әкімшілдік, ақпарат құралдары-ның да қатты қалмаулары керек, кінәлілер де анықталуға тиіс. Осылардың бәрі халықаралық даму стратегиясының лаңкестікті тоқтатуына септігін тигізбек.
Әйтпесе шала дерек және қате пайдалану сияқты әрекеттермен мәселе түбегейлі шешілмейтін жағдайға жетеді және кейбір мәдениеттер, ұлттар, қоғамдық ұйымдар ылғи қауіп астында болады. 11 қыркүйектен кейін мәселелерге біршама осы сияқты баға берілді. Лаңкестік үрейі қоғамда қорқынышты бір паранояға айналды. Күн сайын артып отырған қарқынмен әрі кейбір лаңкестік ұйымдары арандатылып, әрі негізінен жаи жерлеріне тиісу арқылы көп нәрсеге қол жеткізу үшін лаңкестік кәдімгі бір амалға айналды. Меніңше мұсылмандар, ғылым мен технология жағынан артта қалса да, мұндай лайықсыз істермен айналысатындай: арсыз емес. Бұлардың көбі халықаралық сахнада ойналған сол "үлкен ойындарға" ақылдары жетпейтіндей аңқау. Лаңкестіктің артында тұрған шынайы себеп — дүниеқорлық пен пайдакүнемдік және осы күнге дейін жер жүзіндегі "Үлкен шахмат ойынының" артында да ылғи осы себептер тұрған. Негізгі себептер көлегейленген соң әңгіме Исламның төңірегіне келіп шоғырлаңды.
Исламның тараған жерлерінде біреулерге пайда келтіретін дау-жанжалдар, сыбайлас топтардың қақтығыстары, антидемократиялық іс-әрекеттер және адам құқықтарының тапталуы сияқты мәселелердің кесірінен бір қатар наразы топтар пайда болған. Бұлардың көбі кейбір қызметтердің ыңғайына келетіндей көргенсіз, білімсіз, шапшан әрекетке кірісетіндер. Және қайсыбіреулер бұларды пайдаланып, өз нысаналарына ақырын-ақырын жылжып отырады. Әсіресе, халықаралық бірнеше жасырын және ашық ұйымдар барлық жоспарларын өлемді талқандау мақсатымен құрғандыктан, әлемдегі бейберекетсіздікті дамылсыз қоздырып, елдің бәрің әуре-сарсаңға салып, іс-әрекет пен қызмет салаларын ұлғайтып отыр. Осы мәселелер қолға алынбай тұрып, лаңкестіктін себептері ретінде алға тартылған кейбір мәселелер ерекше ақыл-парасатпен жойылғанның өзінде, сол қарғыс атқыр жағдай өзге атаулармен өз болмысын жалғастыра береді.
- жасалған.