Фетхуллаһ Гүленнің адвокаты: БАҚ-тың экстрадицияға қатысты берген ақпараты шындыққа жанаспайды
Белгілі мұсылман ғалым Фетхуллаһ Гүленнің адвокаты Нуруллаһ Албайрактың айтуынша, БАҚ-тың Ф.Гүленді кері қайтару жайлы таратқан ақпараты шындыққа жанаспайды, тіпті заңсыз.
Ол түрік үкіметінің ғалымды кері қайтару туралы талабы заңсыз екенін, қазіргі тұрып жатқан жерінен-ақ Ф.Гүленнің болып жатқан іске куәлік ете алатындығын, оны соған шақыру керектігін айтты.
Нуруллаһ Албайрак: «Гүлен мырза бұрын қозғалған, бірақ өзі ақталып шыққан соттағы ісі туралы Американың құқық қорғау органына түсініктеме берген болатын. Сол кездің өзінде прокурор тағылған айыптардың қисынсыз екеніне таңданғанын жасырмаған».
Алғашқы Стамбулдық «Бейбітшілік және жазалау соты» (ерекше өкілеттілікпен) «жеткілікті дәйектер бар екендігіне» иек артып, түріктің мұсылман уағыздаушысын ұстауға бұйрық қабылдаған болатын. Осы қадам Ф.Гүленді ерікті түрде қазіргі өмір сүріп жатқан АҚШ-тың Пенсильвания штатынан ресми экстрадициялауға кірісуге мұрындық болды.
14 желтоқсанда жүргізілген журналистер, сценаристер, продюссерлер және полиция қызметкерлеріне қарсы операциядан кейін Заман газетінің редакторы Экрем Думанлы және басқа да оншақты адамның тұтқындалуына себеп болған қылмыстық істі жүргізген Стамбул прокуроры Хасан Йылмаз Фетхулллаһ Гүленді тұтқындауға жарлық шығарды.
Ф.Гүленнің заңды өкілінің сөзінде: «Осы процесс кезінде соттық іс қозғалғаны жайлы арыз түспеуінің өзі бұл процедураның саяси сипатын аңғартуда. Мақсат – бұл арыз-шағымдарды сайлау алдындағы ішкі саясатта қолдану. Бұл бастаманың ешқандай нәтиже бермесі анық».
Албайрактың айтуынша: «(Интерполдың) Қызыл карточкасы түсініктеме алу үшін ғана шақырылған адамға берілмейді. Егер адам түсініктеме беруі керек болса, бұл соттың ықпалдастығымен ғана жүзеге асады».
АҚШ-тың Фетхуллаһ Гүленді депортациялауы үшін Түркия билігі жеткілікті дәйектерге толы құжат көрсетуі тиіс. Егер ол құжатты АҚШ үкіметі қабылдайтын болса, сот процесін Түркиядағыдай саяси партия емес, федералды сот жүргізеді.
Сонда ғана айыпталушының адвокаттары қандай себеппен кінә тағылмайтыны немесе экстрадицияланатыны жөніндегі істерін сотқа ұсынады. Осыдан кейін барып федералды сот істің ақ-қарасын шешеді.
Түркия мен АҚШ арасындағы экстрадицияға қатысты келісім орындалу талабын міндеттемейді. Себебі кез-келген егемен мемлекет экстрадицияға қатысты шешімді жеке өзі қабылдайды.
Келісімнің маңызды бір пукты мынадай: егер экстрадацияны талап ететін істі айыпталушы бар мемлекет саяси не құқықбұзушылық деп таныса, немесе айыпталушының саяси қылмысы, саяси көзқарасы үшін болса, экстрадация жүзеге аспайды.
Албайрактың мәлімдеуінше, Интерпол айыпталушыға қызыл карточка беруі үшін, сырттай айыпталушының қатысы бар делінген террорлық ұйымды да Интерпол мойындауы тиіс. Осыдай кейін айыпталушының террорлық ұйыммен бірігіп жасаған ісін нақты көрсетіп, айыбын дәйекті дәлелдермен нақтылау қажет. Гүлен жағдайында бұндай ұйымның жоқтығы анық.
Албайрак тағы былай деді: «Айыпталушының үстінен түскен негізсіз шағым кері қайтарылады. Осыны негізге алар болсақ, Интерполдың бас хатшылығы (Фетхуллаһ Гүленге) қызыл карточка бермейтінін, АҚШ үкіметі істі сотқа беруді қажет деп таппайтынын толық сеніммен айтуға болады».
- жасалған.