ПАЙҒАМБАРЫМЫЗҒА ТӘН ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҮЛГІЛЕРІ
1. Мешіттегі оқиға
Имам Бухари мен Муслим мына оқиғаны жеткізеді: «Бірде Аллаһ елшісі мешітте отырған кезде, ішке бір бәдәуи бас сұқты. Шамасы, Пайғамбарымыздан бір нәрсе сұрағалы келсе керек. Бірақ, ол күтпеген жерден мешіттің шетіне барып, түрегеп тұрып, дәрет сындыра бастады. Отырғандар бірден өретүрегеліп оған дүрсе қоя бергенде, Ақиық елші жай ғана: «Тиіспеңдер оған, бітірсін», – деді. Егер пайғамбарымыз жанындағыларды тоқтатпағанда, олар әлгі бейбақты ұруға шақ қалған еді. Бірақ бәдәуиге мұндай қылық көрсетудің өзі бәдәиулік болмақ. Сахабалар әсте бәдәуи емес-ті. Сосын Пайғамбарымыз: «Бір шелек су әкеліп, дәрет сындырған жерге төгіңдер. Су ластықты тазартады»,[1] – деді. Иә, алғашқылардың көпшілігі мешіттің ішіне дәрет сындырудан арланбайтындай қараңғы һәм бәдәуи еді. Міне, осындай бәдәуилерден Пайғамбарымыз үлгілі қоғам жасады. Кім білсін, ол бәдәуи мүмкін Тарық ибн Зиядтың (р.а.), Шураһбил ибн Хасанәнің (р.а.) яки Уқбаның (р.а.) әкесі болды ма екен...
1] Бухари Уду, 58; Муслим, Тахарат, 98.
- жасалған.