2. Әйел затын бағалауы

Надандық кеулеген кезең келмеске кеткен-ді.  Ендігі қайғымен не ащы әжуамен еске алатын. Иә, сол күндерді адамдар кейде күліп, кейде жылап еске алатын. Әйел адам-ның өмір сүру құқығы жоқтай еді. Әкесі көрсе болды тыжырынатын, олар әкелерінің көзіне түспей өмір кешуге мәжбүр еді. Ол уақытта статистикалық  ғылым болмағандықтан бұған ешкім мән беріп қарамаған. Дегенмен, өмір сүрген әйелдердің елу пайызы әкелерінің көзінен таса, басқа жерде өмір сүрген болуы керек. Әбу Бәкір (р.а.) тәрізді кіршіксіз ақ пейілді жандар ғана қыздарын өлтірмеген. Мұсылмандықты білмеген өзге жандар қыздарының өліміне себепші болып, қылмыскер атанды. Міне, осындай қоғамға Аллаһ елшісі қыз баланы қадірлеуді үйретті.

Қараңыз, Нәсәидің Айша анамыздан бізге жеткізген хадисінде былай айтылады: «Аллаһ елшісінің құзырына бір қыз келіп: «Пайғамбарым! Мен қаламасам да, әкем мені немере ағамның баласына бергелі жатыр»,–  дейді. Хақ елшісі дереу әкесін шақырып алып: «Қызыңды зорлықпен біреуге ұзата алмайсың»,–  дейді. Әлгі адам: «Құп алдық, Пайғамбарым»,–  деп, райынан қайтады. Онсыз да сахабалардың басқаша жасауы мүмкін емес. Әлгі адам, бәлкім, қызын беру арқылы туыс інісін басына түскен бір ауыртпалықтан құтқарғысы келген шығар. Бірақ Аллаһ елшісінің бұйрығы бәрінен де жоғары. Ол Пайғамбарға осылай жауап қайтарған кезде қыз орнынан тұрып: «Пайғамбарым! Менің негізгі мақсатым әкеме қарсылық білдіру емес еді. Бірақ Исламда осының үкімі қандай? Қызын ұзатуда әкенің құқы не? Мен осыны білгім келген еді»[1], – дейді. Күні кеше ғана құдыққа тасталып, қорланып, жерге тірідей көмілген қыз енді бүгін Пайғамбардың алдына келіп, өз ойын еркін айтатын халге жетті.




[1] Нәсәи, Никах, 36.

 

 

Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.