Күнә және одан арылу

Күнә – адам табиғатының бұзыла бастауы болса, тәубе мен кешірім тілеу – адамның пәк табиғатына қайта оралуы.

Жүрекке дақ қалдырған күнә денеге жабысқан вирус сияқты, ерте ме, кеш пе өзін әйтеуір бір сездіреді.

Өлімді ойламаған адамның жүрегін тот басуы мүмкін; өлімнен қорқу иманның аздығын, яғни әлсіздігін білдіреді. 

Біреу жайлы жаман ойлау – ақыл-ой кемістігі немесе жүректі кір шалудың белгісі. Бұдан құтылудың жолы адамның өз күнәларының парқына баруында жатыр. 

Абайсыздығымыздан және ұқыпсыздығымыздан шұң-қырға түсіп кетсек, одан осы шұңқырға түсуімізге себеп болған кемшіліктерімізді түзету арқылы шыға аламыз.

Үйің алтынмен апталып, күміспен күптелсе де, өзгенің жаман-жәутік лашығына тас лақтырма!

Басқалардың айыбын қазбалаумен шұғылданған адам өмір бойы масқарадан құтыла алмайды...

«Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» деген сөз бар. Маңыздысы – құлағаннан кейін орнынан тұрып, өз-өзіңе келе білу.

«Ертең істеймін деу» – жігерсіздіктің белгісі. 

Ең үлкен күнәлар адамның нәпсілік сезімінде тамыр жаяды... нәпсісін тізгіндей алу – ең үлкен жеңіс.

Күнәны елемеу – ең үлкен күнә.

Ағаш қурап кетпеген болса, көктемді сезеді...

Аллаһ Тағаланың жасаған күнәларың үшін бірден қаһарын төгіп жазаламағанына есірме, мүмкіндік беріп тұрғанын ойлап, қорық! Нағыз мүмін – сәт сайын Аллаһпен тығыз байланыста болған адам. Күнәлар – бұл байланысты үзетін  ұшқындар.

Pin It
  • жасалған.
Copyright © 2026 Cascade Trust. Fethullah Gülen's Official Web Site. All Rights Reserved.
fgulen.com is the official source and licensor of the works of the renowned Turkish scholar and intellectual Fethullah Gülen. Operated by Paramus Publishing with permission of Cascade Trust.