1. Ши үстінде жатуы

Омар (р.а.) бір күні Рақым елшінің бөлмесіне кіргенде, Пайғамбарымыздың ши үстінде жатқанын көреді. Бір бетіне шидің ізі түсіпті. Бөлмесінің бір бұрышында иленген тері, бір бұрышында бір уыс арпа салынған кішкене дорба жатыр. Хақ пайғамбардың бөлмесіндегі заттар осы ғана. Омар (р.а.) осыларға көзі түсіп, тұла бойы шымырлап, көзінен тарам-тарам жас аққанын байқамай қалады. Аллаһ елшісі одан неге жылағанын сұрағанда, ол: «Пайғамбарым! Дәл қазір патшалар сарайларында құс төсекте жатыр. Ал сен бар болғаны қураған ши үстінде жатырсың», – дейді. Осы кезде Рақым пайғамбар Омарға: «Омар! Бұл дүние солардікі ал, ақырет біздікі болуын қаламайсың ба?»[1] – дейді. Басқа бір риуаятта Пайғамбарымыз: «Бұл дүниеге менің қандай қатысым бар. Мен бар болғаны бір ағаш саясын көлеңкелеп, сәлдең соң сапарын қайта жалғастырған жолаушы секілдімін»[2], – дейді.




[1] Бухари, Тәфсир, (66), 2; Муслим, Талақ, 31.
[2] Тирмизи, Зуһд, 44; Ибн Мәжә, Зуһд, 3; Муснәд, 1/301.

 

 

Pin It
  • жасалған.
Copyright © 2026 Cascade Trust. Fethullah Gülen's Official Web Site. All Rights Reserved.
fgulen.com is the official source and licensor of the works of the renowned Turkish scholar and intellectual Fethullah Gülen. Operated by Paramus Publishing with permission of Cascade Trust.