2. Садақаға сақтығы
«Бірде таңға дейін ұйықтай алмай, түні бойы уһіліп шықты. Таңертең жары: «Пайғамбарым, түнде бір жеріңіз ауырды ма? Қатты қиналып шықтыңыз ғой», – деп сұрайды. Аллаһ елшісі: «Жатар алдында төсегімді қамдап жатып, жерге түсіп қалған бір құрманы алып жеген едім. Бірақ, кейіннен есіме түсті. Біздің үйде садақа мен зекет құрмалары да болып жатады. Ал осы құрма солардың бірі болса ше?! Осыны ойланып, таң ағарып атқанша кірпік айқастыра алмай шықтым» деп жауап қатады[1].
Садақа мен зекет Пайғамбарға харам етілген. Бірақ, осы құрма өзіне сый ретінде келген құрмалар болуы да мүмкін. Тіпті, мұның садақа мен зекетке қарағандағы сый құрмасы болуы әбден мүмкін. Өйткені, пайғамбар шаңырағында садақа мен зекет түнге қалмайтын, келе салысымен дереу таратылатын. Иә, Хақ пайғамбарымыздың рухы мен еркі қашан да алмастай таза болды. Солай ғұмыр кешіп, Хақ тағалаға да дәл сол саф күйінде көтерілді.
[1] Муснәд, 2/193.
- жасалған.