Алапес пен карантин

Ахмад ибн Ханбәл риуаят еткен бір хадисте Пайғамбарымыз:
«Алапеске ұшырағаннан арыстаннан қашқандай қашыңдар!» – деп ескертеді[1].

Бұл хадис шәріптегі сөздердің микробқа да, арыстанға да қатысы жоқ. Кей кісілер алапес микробы арыстанға ұқсағаны ғой деп жаңсақ тұжырым жасаған. Алайда Аллаһ елшісінің меңзеген ойы мүлдем басқа. Бұл жердегі қашуды да тікелей қашу деп түсінбеген жөн. Екі дүние Шамшырағы  хадисте алапес деген аурумен күресуді, одан сақтану жолдарын қарастыруды бізге насихаттаған. Былайша айтқанда, карантин арқылы жұқпалы аурудың жайылуына жол бермеу мәселесі қозғалған. Адамдар арыстанның тырнағына ілікпеу үшін қандай сақтық танытса, алапеске де қарсы сондай сақтықпен қарап, өте мұқият болуы керек. Аллаһ елшісінің барлық сөзі терең, сондықтан әрбір сөзін екшеп, мәні мен мазмұнына мұқият үңілгенде ғана оның нені тұспалдағанын ұға аламыз.



[1] Бухари, Тыбб, 19; Муснәд, 2/443.

 

 

Pin It
  • жасалған.
Copyright © 2026 Cascade Trust. Fethullah Gülen's Official Web Site. All Rights Reserved.
fgulen.com is the official source and licensor of the works of the renowned Turkish scholar and intellectual Fethullah Gülen. Operated by Paramus Publishing with permission of Cascade Trust.