Менің Раббым

Фетхуллаһ Гүлен: Менің Раббым

О, Жаратқан, менің Раббым,
Қандай ғажап Сенің барың!
Достығыңнан опа көрдім,
Сенің арқан демім, барым.

Есігіңе бәрі ағылды,
Мұратты Сен, сана нұрлы.
Арадан ал шымылдықты,
Көрсін Раббым жамалыңды.

Бәрін білер Болмысың бар,
Меңгеретін зор күшің бар.
Көретіндер көрді Сені,
Соқыр көрмес Жарды шын бар.

Білдім деген алданды анық,
Білмес күйді далбаң қағып.
Барлығыңды ұқты көңілім,
Ғашықтарға жанған Жарық.

Атың рухқа нұр таратқан,
Елге бейбіт күн таң атқан.
Танығанға соңғы тұрақ,
Дертке дауа – Сұлтан Әкрам.

Қатем таудай жоқ тағатым,
Уақыт жетті аттанатын.
Раббым, өзің кешірмесең,
Ешкімім жоқ жақ болатын.

Түрікшеден аударғандар, Мәлік ОТАРБАЕВ, Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

Pin It
  • жасалған.
Copyright © 2026 Cascade Trust. Fethullah Gülen's Official Web Site. All Rights Reserved.
fgulen.com is the official source and licensor of the works of the renowned Turkish scholar and intellectual Fethullah Gülen. Operated by Paramus Publishing with permission of Cascade Trust.