Алтыншашты көктем

Фетхуллаһ Гүлен: Алтыншашты көктем

Бұл мезгіл тынымсыз, жанданған тіршілік,
Сулар сылдырап, бұтақтан бүр шығып.
Сезімдер көбіктей жалтылдап құбылған,
«Кел, Шексіз айдынға шықсақ» деп құлшынып.

Сәулелі әлемнен нұр жауып орайды,
Бұл мезгіл қуаныш, шат-думан орайлы.
Сарғайып, сағынып осы бір сәттерді,
Өлгендер біртіндеп тіріліп зорайды.

Айнала сұлулық, ғажайып жарасты,
Өйткені секілді күлген кез алғашқы...
Бақшада гүл ашқан шоқ-шоқ боп сәнімен,
Дәмі өзге жемісті иетін ағашты.

Самал да сезім боп аймалап еседі,
Теңізден тербелген толқындар өседі.
Таулар мен жайлауда алтыншаш кқктемнің,
Мың бір өрнегі көкейді теседі.

Ертеңгі атар таң, онан да түрленер,
Дүние жаңарып нұрланған күн келер.
Тозады қараңғы, тоқтайды тоң айбат,
АРШЫДА жазылған келеді күллі өнер.

Түрікшеден аударғандар, Мәлік ОТАРБАЕВ, Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

Pin It
  • жасалған.
Copyright © 2026 Cascade Trust. Fethullah Gülen's Official Web Site. All Rights Reserved.
fgulen.com is the official source and licensor of the works of the renowned Turkish scholar and intellectual Fethullah Gülen. Operated by Paramus Publishing with permission of Cascade Trust.