Тарих ғибраттан тұрады
Тарихи оқиғалар әрбір мезетіне дейін қаз-қалпында қайталанады деп ойласаңыз қателесесіз. Тарихи оқиғалар кейбір жағынан бір-біріне ұқсауы мүмкін, алайда олардың белгілі бір уақыт аралығында және белгілі бір кеңістікте болғанын ұмытпау керек. Сондықтан тарихтың берген сабағынан ғибрат алу керек.
Жер бетінде со күйі бұзылмай, алғашқы балауса қалпын сақтап қала алатын ешбір нәрсе жоқ.
Біріншілігін мәңгі-бақи ұстап тұра алатын ешқандай тұлға, халық та болмайды.
Адам баласы тарихтың қой үстіне бозторғай жұмыртқа-лаған бейбіт кезеңдерімен қатар қасап қырғынға, үрейге толы жан түршіктірер беттеріне де үңілуі керек, сонда ғана тарихтан қажетті сабақ ала алады. Әйтпесе қарт тарихтың әжім торлаған бетінен тек күлкіні ғана көрген жанның түсінігі баланың түсінігіндей болып қала бермек.
- жасалған.