Өмірін хақ жолына арнаған адам
Өмірін хақ жолына арнаған адам өзі сенген идеалы үшін қиындықтың қандай түріне болса да төзуі керек. Ол түпкі мақсатына қол жеткізгенде масайрамай, жетістіктердің бәрін Жаратушыдан деп білетін парасатты, әдепті және кішіпейіл... Оның назарында Ақиқатқа қызмет ету жолындағы әрбір тынысы мен қадамы Ұлы Құдіретті зікір етіп, ұлықтап-пәктеумен бір. Ол осы жолда жүрген кез келген адамды ардақтап, құрметтеумен қатар үлкен дәрежеге жеткен адамдарды да пұтқа айналдырып алмай, Раббысының еркін үнемі жоғары қойып, осылайша сеніміне сызат түсірмеуі тиіс. Орындалмай қалған кез келген іс үшін ең алдымен өзін жазғырып, әділдікті орнату жолында өзіне қол ұшын берген кез келген жанды құрметтеп, ынсапты болуы керек. Маңдай терімен тапқандары мен тұрғызғандарының барлығы көз алдында бір-ақ сәтте қирап, күл-талқаны шықса да, ойындағысы орындалмай, күш-қуаты қалмаған күннің өзінде ол иманы мен үмітін жоғалтпайды. Ол қайта қанаттанып көкке самғаған кезде де қарапайымдылығы мен кеңпейілділігінен жазбайды, бұл жолдың соқпақты-соқтықпалы екенін о бастан білген және біле тұра тәуекелге барған парасатты жан; алдынан шыққан тосқауылдың бәрінен аттап өтетініне сенеді және алған бетінен қайтпайтын қайсар... Ол өз басын тіккен сол иман жолына бар махаббатымен беріліп, өмірдегі ең қимасын пида ететін адал және бұл қиындықтардың ешқайсысына мойымайтын болуы керек.
- жасалған.