Көз жасы мен күлкі

Сезімтал жандар көз жасына ерік бергенде ғана көңілі жай табады және ар-ожданында жалындаған отты көз жасымен сөндіруге талпынады.  Өкінішке қарай, адамдардың көбі жылайтын жерде күліп, күлетін жерде жылайды...

Рух отқа орана бастаған кезде, ар азап тарта бастайды. Міне, сол кезде көзге жас келеді. Ол жанның жалындаған отын сөндіреді. «Чашм» – көз деген сөз бен «чашма» – судың бұлағы деген сөздің арасындағы байланыс та осында болса керек.
 
Жасы ұлғайған сайын Құдайға құлшылық ету ойынан ләззат таба алмаған адам ұтатын жерде ұтылып, сүрінбейтін жерде сүрінетін болады. Егер ол осыны ұғына алған болса, күлмек тұрмақ, өкініштен қан жұтар еді...

Pin It
  • жасалған.
Copyright © 2026 Cascade Trust. Fethullah Gülen's Official Web Site. All Rights Reserved.
fgulen.com is the official source and licensor of the works of the renowned Turkish scholar and intellectual Fethullah Gülen. Operated by Paramus Publishing with permission of Cascade Trust.