Сүндет
Аллаһ елшісі он нәрсе адам табиғатына тән дейді. Соның бірі – сүндеттелу[1].
Ал қазіргі ғалымдар не дейді? Олар бұл пікірді мақұлдай ма?
Жыныс терісінің ұш қабаты – микроб жиналатын, қатерлі ісікке жол ашатын лас ағза. Ал одан сақтанудың бірден-бір жолы – сүндетке отыру.
Зер сала қарасақ, батыс бұл тұрғыда біздің прогресшілдерімізден оқ бойы алда келеді. Бүгін Америка мен Англияда сүндетке отырғандардың саны миллионнан асып жығылады.
Осы жерге дейін біз Соңғы елші мен басқа да пайғамбарлардың шыншылдығына тоқталдық. Әр пайғамбарды туралық пен ақиқаттың шыңына балауға болады. Өмірінде жалған сөйлеу дегенді білмеген олар сондай пәк ғұмыр кешті. Негізінде, оларда титтей кінәрат, зәредей бұралаң, мысқылдай мін болатын болса, олар ешкімді де тура жолға сала алмайтын еді. Задында, олар адамзатты тура жолға салу мен жәннатқа баратын жолды көрсету үшін келген. Егер туралық заттық денеге айнала қалса, пайғамбарлардың нұрлы бейнесі жарқырап алдымен көзге түсер еді...
Пайғамбарымыздың туралығын сансыз мысалдармен растауға болады. Мұнда біз Аллаһ елшісінің туралығын үш негізгі бөлімге бөліп топтастыруға тырыстық. Оқырманға түсінікті болу үшін тақырыпты бөлімдерге бөлуге тура келді. Болмаса, оның туралығын жүз мыңдаған дәлелдермен сан қилы сырларына терең сүңгіп айтса да жарасады. Негізінде, бұл тақырыпты кім толық аша алады дейсің?! Пайғамбарымыздың айтқандары Қияметке дейін айна-қатесіз орындалатынына, айтқаны орындалған сайын әр жаңа дәуірдің адамы оның ақиқатына терең көз жеткізе түсетініне біз сенімдіміз.
Ақырет әлемінде Аллаһ елшісінің туралығы барлық жанға көрінеді. Жаратушы Иенің өзіне тән ұлық сипаты мен есімдері туралы айтқандарын әркім өзінің рухани деңгейіне қарай көріп, сөздерінің ақиқатын аңғарады.
Жәннат пен жәһәннам Аллаһ елшісінің айтқанындай кейіпте алдымыздан шығып, олар да мәңгілік тілімен «сөздерің рас» дейді...
[1] Муслим, Тахара, 49,56; Әбу Дәууд, Тахара, 29.
- жасалған.