Құраннан қашу

Аллаһ елшісі осы күнімізге дәл сәйкес келетін бір хадисінде: «Құран ұят саналып, Ислам ғаріп болмай, қиямет орнамайды», – деп ескертеді[1].

Кәпір күпірін ашық жария еткен кезде, мұсылман мұсылман болғаны үшін ұялатын дәрежеге дейін құлдырайды. Олар өз ой-пікірлері мен еңбектерін қоғамдық орындарда қымсынбай-қымтырылмай, ашық талқылаған кезде, мұсылмандар керісінше, Құранды ашып оқуға арланатын болады. Өзінен-өзі ұялып, психологиялық қысым көріп, ашық тыйым салынбаса да, Құранның жақтаушысы болуды ар санап, жұртқа көрсетпей тығып ұстайды. Дәл қазір осы туралықты жоққа шығаратын мүмкіндік бар ма? Бұл күнде мұсылманның бір қасіреті осы емес пе? Ислам толығымен бейшара халге келмеді ме?

Сөзімді түйіндейін. Осы айдай келген ақиқатты Аллаһ елшісі сан ғасыр бұрын айтып кеткен.  Уақыты келгенде, түгелдей көрініп, Ақиқат Қыранын растады.

Айтыңдаршы, күллі осы ақиқаттар қайта бұрылып, сол ұлы тұлғаға бият (серт) етуімізге жетпей ме?..



[1] Кәнзу’л-Уммал, 14/244.
Pin It
  • жасалған.
Copyright © 2026 Cascade Trust. Fethullah Gülen's Official Web Site. All Rights Reserved.
fgulen.com is the official source and licensor of the works of the renowned Turkish scholar and intellectual Fethullah Gülen. Operated by Paramus Publishing with permission of Cascade Trust.