Қанағат қарын тойғызар

Салауатты өмір салтын қалыптастыру – ең алдымен медицинаның міндеті. Аллаһ елшісі: «Ауқаттанған кезде асқазанның үштен бірін – тамаққа, үштен бірін – суға, үштен бірін – ауаға қалдырыңдар. Асқазан толып тұрса, Аллаһтың  ашуы келеді», – дейді[1].

Осы мәндес басқа хадистер де бар: 
«Үмбетім жайында ең қорқатын нәрселерім: қарын салу мен көп ұйқы. Жалқаулық пен «яқин» әлсіздігі»[2].

Өмірін бақыламай, өз-өзіне есеп бермей, ғұмырының көбін ұйқымен өткізген адамның семіретіні белгілі. Адам толған сайын тамақсау болады. Нәтижесінде, мешкей адам маубасқа айналады әрі салғырттыққа, бойкүйездікке бой алдырады. Мұндай адамда сөзсіз «яқин»[3] болмайды...

Осындай жаман әдеттерге Аллаһ елшісі қырын қараған. Сөздің төркінін шипагерлерге қалдырып, сіздерді олардың ғылыми жағымен таныстырайын. Оларды оқысаңыз, Аллаһ Сүйіктісінің сан ғасырлар бұрын айтқан сөздерінің шындық пен ақиқаттан ғана тұрғанына көзіңіз жетеді.


[1] Тирмизи, Зуһд, 47; Ибн Мәжә, Әт’имә, Муснәд, 4/132.
[2] Кәнзу’л-Уммал, 3/460.
[3] Терең иман.

 

 

Pin It
  • жасалған.
Copyright © 2026 Cascade Trust. Fethullah Gülen's Official Web Site. All Rights Reserved.
fgulen.com is the official source and licensor of the works of the renowned Turkish scholar and intellectual Fethullah Gülen. Operated by Paramus Publishing with permission of Cascade Trust.