Хижрәттағы сенімділік

Аллаһ елшісінің қай күні Меккеден көшіп кететінін білген қаскүнемдер сол күні жиылып, үйін төрт бұрышынан торуылдады. Мақсаттары – өлтіріп көзін жою. Сол кезде ол: «Біз олардың алдарына да, арттарына да тосқауыл қойдық» (Иасин, 36/9) аятын оқып, жүздеріне бір уыс топырақ шашып, еш қобалжымастан араларынан өтіп кете барған-ды[1]. Қарасаңыз, ол қысалтаяң шақта да қорқу дегенді білмеген. Іле Сәуір үңгіріне жолы түседі. Сәуір үңгірі  жас жігіттің өзі зорға шыға алатын зау биікте болатын. Елу үш жасына қарамастан ол осы биікке қиналмай шықты. Негізінде, бар ғұмыры ауыртпалықпен, қиыншылықпен өткен еді. Бұл оның ақырғы сапары болатын. Бақ қонған үңгірге бірнеше күн түнеп, үңгір ішінің берекесін тасытты, үлкен абыройға бөледі. 

Мекке мүшріктері үңгірдің аузын бағып тұрған болатын. Арасы бір-екі адым бола ма, жоқ па?! Әбу Бәкір (р.а.) Аллаһ елшісінің өзіне аманат екенін ойлап: «Бұл аманатты діттеген жеріне жеткізе алар ма екенмін, оған еш нәрсе болмас па екен..» деп қатты абыржиды. Қорыққанынан жүзі қуарып кетті. Алайда Аллаһ елшісінің жайма-шуақ, күлімсіреген жүзінен ешқандай өзгеріс байқалмады. Сенім адамы досы Әбу Бәкірді жұбатып: «Қорықпа! Аллаһ бізбен бірге», – деді. Сосын: «Екі кісі жайында ой-пікірің қандай еді. Олардың үшіншісі Аллаһ болатын», – деген аятты оқыды[2].



[1] Ибн Һишам, Сирә, 2/127.
[2] Бухари, Тәфсир (9), 9; Муснәд, 1/4

 

 

Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.